1 наурыз күні «Құрылыс колледжі» КМҚК қабырғасында «Білімді жастар – болашақ бастауы» атты жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің апталығында, 1-ші курстар арасында «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» спорттық интеллектуалдық сайысы өтті. Сайысқа 4 топ қатысты. Қатысушы топтар сайыс барысында кедергілерден өтіп, әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды орындады. Сайысқа қатысқан топтар І, ІІ, ІІІ дәрежелі мадақтамалармен марапатталды.