Абай облысы ББ «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК жұмыс берушілерді 28.02.2024 жылы сағат 15:00-де өтетін 2024 жылдың түлектеріне арналған Бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырады! Бұл іс-шарада Сіздер түлектермен әңгімелесу өткізіп, өз кәсіпорныңызды таныстыра аласыздар. Сонымен қатар білікті кадрларды іріктеуді жүзеге асырып, біздің колледжбен одан әрі ынтымақтастық орнату жөнінде келісім орната аласыздар.
Жәрмеңкенің мақсаты – жастар мен оқу орындарының түлектеріне жұмыс орындарының қолжетімділігін арттыру, талапқа сай кандиттарды жұмысқа тарту арқылы жұмыс берушілердің жұмысқа алу процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Кәсіпорныңыздағы мамандықтар бойынша бос орындарды таныстыру үшін алдын-ала көрнекі және жарнамалық материалдар дайындап алып келсеңіздер, жәрмеңкеге қатысуыңыздың тиімділігі одан әрі арта түсетінін айтқымыз келеді.
Бос орындар жәрмеңкесі 2024 жылдың 28 ақпанда сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін, Семей қаласы, Парковая көшесі, 1 мекенжайында өтеді.
Іс-шараны өткізу мәселелері бойынша директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Нургожанова Арай Серыкжановнаға хабарлассаңыздар болады.
Жұмыс телефоны: 8 (7222) 31-06-39;
Ұялы телефоны: 8 707 748 54 24.