2024 жылдың 29 қыркүйегінде Семей қаласының орталық «Арбат» алаңында «Абай облысы еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшылығымен «Еңбек күніне» арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.
Жәрмеңкенің мақсаты – жастар мен түлектер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін арттыру, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілерге жұмысқа қабылдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына ықпал ету.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК, Абай облысы «AMANAT» партиясының өкілдері, қаладағы кәсіпорын, мекеме және колледж қызметкерлері, БАҚ, еңбек инспекциясы, және мемлекеттік қызмет органдары қатысты.
Шара барысында барлық жұмыс беруші кәсіпорындардың кеңесшілері болашақ түлектерді бос жұмыс орындарымен, мемлекеттік гранттық бағдарламалармен, әлеуметтік жұмыс орындарымен, атаулы әлеуметтік көмек түрлерімен таныстырды.