2019 жылғы 29 сәуір күні «Серпін-2050» бағдарламасы аясында «Құрылыс колледжі» КМҚК «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Шығыс Қазақстан облыстық Білім Басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге жаздың маусым айында колледжді тәмамдайтын биылғы жылдың түлектері қатысты. Жәрмеңкенің ашылу салтанатын Семей қаласының әкімінің орынбасары Садырбаев Айдар Серікқазыұлы бастаса, қорытынды сөзді ШҚО Білім Басқармасының бас маманы Ильясова Гульмира Бейсембаевна сөйледі. Жәрмеңке барысында 131 студентпен 30 мекеме үш жақты келісімшартқа қол қойып, «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуын аяқтап жатқан түлектер жұмыспен қамтамасыз етілді.