Ағымдағы жылдың наурыз айында шығысқазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай онкүндік жариялап, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған мерекелік іс шараларын өткізуді жоспарлаған болатын.
Мерекені атап өтудегі басты мақсат, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Жоспар бойынша, ай көлемінде аймақта дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтауға және нығайтуға арналған іс шаралар өткізіледі.
Мерекелік шаралар легі
наурыздың 14-і күні М.О.Əуезов атындағы педагогикалық колледжінің базасында «Дәстүр күні» атты ұлттық қолөнер бұйымдарының облыстық дəрежеде көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Семей қаласының бірнеше колледждері қатысып, ең үздік 4 колледж қатары таңдалды. Олар: Құрылыс колледжі, Семей колледжі, Электротехникалық колледжі, Бизнес жəне сервис колледжі.
Көрмеге колледжімізде білім алып жатқан студенттердің өз қолдарымен жасалған ұлттық қолөнер бұйымдары ұсынылды. Оның ішінде: бесік, кіршомбал, кебеже, сандықтар, саба, дөңгелек үстел, жүкаяқ, шара, тоғызқұмалақ, қоржындар, қамшылар, қол диірмені, əр түрлі оқтау түрлері, үккіш, киіз үй макеті, торсық, ертоқым тағы да басқа көптеген бұйымдар ұсынды.
Тәуелсіз елімізде ата – бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанд

ы жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ — біздің қолымызда екенін ұмытпауымыз керек.