2018 жылдың 8 қыркүйегінде КМҚК «Құрылыс колледжінде» «Денсаулық фестивалі-2018» «Денсаулық шыңына жет!» атты спорттық іс-шара өтті. Ол төмендегі мақсаттарды қамтыды:

  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Студенттерді үнемі спортпен айналысуға тарту;
  • Студенттердің дене бітімінің дайындығы мен спорттық шеберліктерін жоғарылату.

Ашылуы салтанатты «Қара жорға» биімен басталды. Спорттық іс-шараның құрметті қонағы Киокушинкай каратэден қара белбеуден 1-орын иегері Әлем чемпионы, 2018 ж. Азия чемпионатының күміс жүлдегері, каратэдан Казақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нурбосынов Айдын Аделович салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға үндеу тастады. Бұл фестивальге 1-курс студенттері толықтай қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін көрсете білді. Сондай-ақ, қатысқан студенттер салауатты өмір салтын ұстанатындарын барлығы дерлік дәлелдеп өтті. Бұл фестивальде арқан тартыс, кір тасын көтеру, қыздар арасында скакалкамен секіру, 4х100м-ге ұлдар арасында эстафета секілді түрлі сайыстардан студенттер өз бақтарын сынады. Жарыс соңында көпшіліктің қошеметімен жеңімпаздар мақтау грамоталарымен және ауыспалы кубокпен марапатталды. «Денсаулық фестивалі-2018» спорттық іс-шараны ұйымдастырған дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Жумаканов Санат Сайлауовичке алғысымызды білдіреміз! Спорттық іс-шара өте қызықты өтті.