2018 жылдың 10 қыркүйек күні жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында КМҚК «Құрылыс колледжі» студенттері арасында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Əуезов полиция бөлімі жергілікті полиция қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты жастар арасындағы бопсалауды азайту.
Кездесу барысында Семей қаласының қылмыстық ахуалы таныстырылып, ҚР Қылмыстық Кодексінің баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Семей қалалық Əуезов полиция бөлімі жергілікті полиция капитаны Жумадилова Балжан Слямкановна, Максутқызы Арай колледжге келген 1-курс студенттеріне құқық бұзушылыққа қандай іс-әрекеттер жататынын, соған сәйкес баптар бойынша қолданылатын жаза түрлерін, айыппұл мөлшері туралы кең түсінік беріп өтті.
Жиналыс барысында арнайы құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған баяндама оқылып, балалардың суық қару ұстамау керектігі баса айтылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 442, 434, 441, 440, 492 баптары түсіндіріліп, үй-жайдан тыс жерде түнгі мезгілде жасы кәмелетке толмаған студенттердің заңды өкілсіз жүруге болмайтыны да қатаң ескертілді. Кездесу барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.