2018 жылдың 15 ақпанында топ жетекші Скакова Айгерим Ниязхановна жетекшілігімен С-21 тобы студенттері «Елімнiң еркіндігi — Қазақстан» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге Тәуелсіздіктің 27 жылдығы жағдайындағы егеменді елімiздiң жетістігі туралы таныстыру. Желтоқсан оқиғасынан бастау алған тәуелсіздіктiң қасиетті ұғым екендігінен мәліметтер беру және өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз ана тілін, әдет — ғұрпын, салт-дәстүрiн сақтауды оқушылардың бойына дарыту.Тәрбие сағаты бірнеше бөлімді қамтыды: Ел рәміздері туралы бейнекөрiнiс, Тәуелсіздік туралы өлең шумақтары, Тәуелсіздік шежіресі атты жұлдызды жетiстiктер, көрермендермен сайыс, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жайлы баяндама және де өз өнерін С-31 тобының студенті Серикбаев Ержан «Балбырауын» күйiн орындады. С-21 тобының студенттері «Атамекен» әнін шырқады. Ашық тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Топ жетекшісі Скакова А.Н. және топ студенттеріне алғысымызды білдіремiз.