2018 жылдың 15 ақпан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК акт залында тарих пəнінің оқытушысы Рашида Джумагалиевна мен колледж кітапханашысы Фатима Наиловнаның ұйымдастыруымен «Туған қалам — Семейім» атты С31, С33 жəне 22ПГС, 23ПГС топ студенттері арасында топтық зияткерлік білім сайысы өткізілді. Қатысушы топтар өздерінің топ жетекшілерімен Арын Ғалымұлы (С31), Құралай Сайлаубековна (С33), Хуанар Айсауле (22ПГС) қатысып тартымды зияткерлік білім сайысының қызықты өтуіне жақсы қатысты. Сайыс 4 турдан тұрды. Қала тарихы, Семей-мәдени рухани орталық, Архитектура жəне құрылыс, Семей қаласының ескі көшелері. Əр бөлімдерде қызықты сұрақтар арқылы 300 жылдық мерейлі тарихи тойы қарсаңында өлкетану, жер тарихынан жан — жақты мәліметтер беру мақсатында өткен шара жоғары деңгейде өтті.
Сайыста блиц сұрақтар мен фото сұрақтар, қоржын сұрақ жəне шығармашылық кезеңдер бойынша өткен жарыстарды əділқазы алқасы бағалап, сайыс соңында С31 тобы І орынды, С-33 тобы ІІ орынды, 22ПГС жəне 23ПГС топтары ІІІ орынға ие болды.
Атсалысқан барлық топ жетекшілері мен студенттерге алғысымды білдіріп, ұйымдастырған оқытушыларға шығармашылық табыс тілейміз. Руxани орталығымыз Семей қаласының 300 жылдығы құтты болсын!