«Құрылыс колледжінің» КМҚК «Зият» дебат клубы «Ғаламтордың зияны мен пайдасы» тақырыбында колледжшілік пікірсайыс турнирін өткізді.

Білім алушылардың құзіреттілігін арттыру, жүйелі білім, сапалы тәлім-тәрбие алуына, мәдени-рухани жағынан өсіп жетілуіне дебат ойындарының маңызы аса зор.

Білім алушылар жақтаушы, даттаушы тобы болып өз ойларын ортаға салды. Дебатқа қатысушылар мен төрешілер өз ұсыныстарын, пікірлерін білдірді. Студенттер белсене қатысып, өз араларында пікір алмасты. Бір-біріне сұрақ қойып, көптеген мәселелерді ортаға салды.