2025 жылдың 27-ші қаңтарында «Картография» ПЦК апталығы аясында «Геодезия» пәнінен колледжішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 2 курс студенттері қатысты. Олимпиада 2025 жылдың 30-шы қаңтарында өтетін республикалық кезеңге дайындық деңгейi ең жоғары студенттерді іріктеп алу мақсатында ұйымдастырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
І орын – 201 ТГ тобының студенті Сибриков Егор, жетекшісі Т.Ю. Чурина;
ІІ орын – 205 ТГ тобының студенті Болатқазин Тәуке, жетекшісі Н.С. Ибраимова;
ІІІ орын – 204 ТК тобының студенті Нурхамит Тимур, жетекшісі А.О. Садвакасова.
І және ІІ орын алған студенттер республикалық кезеңге жолдама алды.