2025 жылдың 30 қаңтарында өзінің 105 жылдық мерейтойы мен кәсіби мереке – Геодезия және картография күніне орай Мәскеу геодезия және картография колледжі ұйымдастырып отырған «Геовертикаль» халықаралық кәсіби чемпионаты басталды.
Чемпионат үш кезеңнен тұрады:
1. Бейне-визитка;
2. Теориялық кезең (тестілеу) – іріктеу туры, оның қорытындысы бойынша қатысушылар келесі кезеңге өтеді;
3. Практикалық кезең – тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды орындау.
10 наурызға дейін жалғасатын бұл чемпионат студенттерге, кәсіпқойларға және оқытушыларға геодезия және картография саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсетуге тамаша мүмкіндік береді.
Чемпионатқа келесі студенттер қатысуда:
– Слямбек К. – 304 ТК тобы;
– Дайырбаев И. – 303 ТА тобы;
– Байдусенов Е. – 202 ТГ тобы;
– Байдумашен И. – 201 ТГ тобы.
Қатысушылар болашақ мамандықтары, колледжі және студенттік өмірі туралы мазмұнды әрі әсерлі бейнероликтер ұсынды.