ТжКББ білім беру бағдарламаларының Тізілімін қалыптастыру және жүргізу мақсатында «Talap» КЕАҚ Білім беру бағдарламаларын сараптау үшін сарапшыларды іріктеуді жариялайды.
Сараптама тобының құрамына:
– кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша біліктілік санаты/дәрежесі («Қауіпсіздік қызметі», «Гигиена және өндірістегі еңбекті қорғау» бейіні бойынша арнайы немесе әскери атақ/сыныптық шен) және мәлімделген бағдарлама шеңберінде біліктілігі бар педагог;
– мәлімделген бағдарлама шеңберінде кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар жұмыс берушінің ұйымынан (кәсіпорынынан) маман тартылады.
Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті сарапшыларға электрондық өтінімді сілтеме бойынша беру қажет және осы хаттың қосымшасына сәйкес растайтын құжаттарды reestr-op@talap.edu.kz электрондық мекенжайға 2024 жылдың 27 ақпанға дейін жіберу қажет.
Сарапшыларды іріктеуді «Talap» КЕАҚ іріктеу комиссиясы жүзеге асырады.