Шығыс Қазақстан облысы білім беру басқармасы «ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы» КММ 2019 жылғы 25 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындары студенттерінің арасында «I am a Singer» атты облыстық фестивалін өткізді. Фестиваль қорытындысы бойынша «Құрылыс колледжі» КМҚК оқушысы Боденов Темирлан жүлделі 2 орынға ие болды, ал жетекшісі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Нақысбекова Мөлдір Ғабитқызына алғыс хат және сертификат табыс етілді.