2022 жылдың 16 наурызында жалпы пәндер бірлестігі апталығында информатика пәнінен Ұ.Б. Тоқтағазин «Мобильді қосымшаны құру» тақырыбында М-11 тобымен колледжшілік ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы жаңартылған білім беру технологиялары бойынша түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, студенттерге конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшаның интерфейсін құрып, код блоктарымен және циклдерімен мобильді қосымшаны жасау әдістерін үйретті. Сабақ жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.