Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде “Құрылыс колледжі” КМҚК-да математика пәнінен “Жазықтықтағы және кеңістіктегі векторларға амалдар қолдану” тақырыбында оқытушы Молдаханова Сандугаш Алпысбаевна жетекшілігімен кезекті интерактивті онлайн-сабақ өткізілді. Сабақ С-13 тобында “Дәнекерлеу ісі” мамандығы бойынша білім алушылар арасында өтті. Сабақ білім берудің жаңартылған мазмұнын ескере отырып, әдістемелік жағынан сауатты құрылды, әртүрлі педагогикалық технологиялар мен тәсілдер қолданылды, мысалы “Бағдаршам”, “СМС”, “Кофе таяқшалары”. Студенттер жоғары белсенділік танытып, пән бойынша өз білімдерін көрсете білді, сондай-ақ оларды бағалауымен рефлексияда қолдана білді. Аталған ашық сабақ онлайн-интернет жүйесі арқылы қосылған облыс педагогтары мен колледждегі әріптестерінің жоғары бағасына ие болды.