2024 жылғы 11 қарашада «Жас педагог мектебі» апталығы аясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: «Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру» тақырыбында жас оқытушыларға арналған семинар өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж. Исабекова біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдістерін анықтау, ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, жастардың санасын қалыптастыру, ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесін интеграциялау, сондай-ақ, қоғамдағы ұлттық бірлікті нығайту туралы сөз етті.

Семинар барысында қатысушылар ұлттық жаңа сана мен құндылықтардың маңыздылығын, олардың жастардың тәрбиесіне әсерін, сондай-ақ, білім беру жүйесінде ұлттық тәрбие элементтерін енгізу жолдарын талқылады. «Жас педагог мектебі» апталығы – бұл білім беру саласындағы жас мамандардың кәсіби дамуына арналған іс-шара болды. Апталық барысында педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды енгізу жолдарын талқылады. Жас мамандар өздерінің білімдерін жетілдіріп, жаңа идеялармен оралды.