Қайырлы күн, достар!
«Жасыл Ел» еңбек жасағы 1 мамырдан бастап өз жұмысын бастамақ!
«Жасыл Ел» еңбек жасағына кімдер жұмысқа орналаса алады?
- 16 мен 29 жас аралығындағы барлық жастарды қамтиды.
- 18 жасқа толмаған жастар 7,2 сағат 18 жасқа толған жастар 8 сағат жұмыс атқаратын болады.
- Әрбір «Жасыл ел» сарбазына әлеуметтік жобаны қаржыландыру есебінен еңбекақы (95 394 теңге) жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы алымдары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар алынып төленді.
- Сонымен қатар, сарбаздарға арналған арнайы брендтелген жиынтық форма беріледі.
Маусым қорытындысы бойынша белсенді қызметтерімен көзге түскен «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары арасында «Үздік жасақ командирі», «Үздік жұмыс беруші», «Үздік жауынгер», «Үздік штаб», тағы басқа номинациялар бойынша қорытынды байқау өткізіледі.
Байқау жеңімпаздарын құнды сыйлықтар мен алғыс хаттар, дипломдар, кубоктармен марапатталады.