2025 жылы қазан айының 17-сі күні директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Нургожанова Арай Серыкжановнаның жетекшілігімен арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлерінің кезекті жиналысы өтті.
Жиналыстың тақырыбы: «Оқу процесінде қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Оқу және өндірістік тәжірибе барысындағы сабаққа қатысу мен тәртіпті бақылау. Тәртіп бұзушылармен жұмыс».
Жиналыста оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Цифрлық құралдарды пайдалану оқу процесін заманауи, қызықты және интерактивті етуге, бақылаудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ студенттердің практикалық дайындығына инновациялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік беретін таптырмас құрал екендігі айтылды.
Қазіргі таңда жасанды интеллектінің оқу мен өндірістік тәжірибеде кеңінен қолданылатындығы, оның ішінде: ChatGPT – мәтін құрастыру мен есептерді түсіндіруге, Canva AI – дизайн жасауды жеңілдетуге, Copilot – бағдарламалау мен есептеуді оңтайландыруға көмектесетіндігі көрсетілді.
Оқу және өндірістік тәжірибе барысындағы студенттердің сабаққа қатысуы мен тәртібін бақылау жүйесін ұйымдастырудағы мақсаттар мен міндеттер, сондай-ақ ішкі тәртіпті бұзушылармен тиімді жұмыс жүргізу әдістері талқыланды. Нургожанова Арай Серыкжановна өз сөзінде тәртіп пен жауапкершілік – болашақ маманның ең маңызды қасиеттерінің бірі екенін атап өтті.








