2022 жылғы 15 қарашада Абай облысы ББ «Құрылыс колледжі» КМҚК-да кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық мақсатында «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында колледж директоры, сондай-ақ әкімшілік пен өндірістік оқыту шеберлері кіріспе сөз сөйлеп, колледждің оқу-өндірістік шеберханалары мен құзыреттілік орталығына экскурсия жүргізді. «Жас маман» жобасы бойынша сатып алынған жабдықтар көрсетіліп, студенттердің өндірістік оқыту сабақтарында орындалған жұмыстарының көрмесі өткізілді.
Сондай-ақ, «Кәсіпорын – колледж – студенттер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оған жұмыс берушілер, студенттер, педагогтар және практика жетекшілері белсенді қатысты. Аталған іс-шара соңында шақырылған әлеуметтік серіктестер жемісті ынтымақтастық және серіктестік қатынастарды жоғары кәсіби деңгейде қолдағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.