2025 жылы шілденің 18-і күні «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Абай облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Кәсіби маман» өңірлік байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Байқау 3 негізгі номинация бойынша ұйымдастырылды. Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен байқау кезеңінен Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі «ЖҰМЫСШЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАЙТЫН ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ» аталымының жеңімпазы атанды! Бұл мәртебелі жеңіс бізге республикалық кезеңге қатысып, облыс намысын қорғау құқығын алып келді! Бұл – сапалы білім беруге деген талпыныстың, бірлік пен еңбектің нәтижесі. Колледж ұжымын, оқытушыларды және студенттерді осынау зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!