Семей қаласындағы Құрылыс колледжінде ақпан айының 20-27 аралығында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша бірқатар орта мектептердің 9 сынып оқушыларына шеберлік сыныптары курстары өткізілді. Курстың мақсаты оқушыларды құрылыс саласының мамандықтарына қызықты шеберлік сыныптары арқылы баулу.  Курсқа қаламыздың №11, 22, 21, 20, 33, 19, 39, 32 мектептерінің оқушылары шақырылды. Курс колледждің оқу шеберханасында әрлеу жұмыстары, дәнекерлеу ісі, кірпіш қалау, пластикалық терезелерді жасау, слесарлық жұмыстар бағыттары бойынша жүрді. Колледждің білікті шеберлері өз салалары бойынша толықтай айтып өтіп, шеберлік-сыныптарын көрсетті. Мектеп оқушылар әр шеберлікке қызығушылықпен қарап, өз қолдарымен істеп көруге асықты. Қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауаптарын алды. 27 ақпан күні курсқа қатысқан барлық оқушыларға колледж директоры К.К.Тастекеев қатысушы сертификаттарын табыстады. Директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары А.С. Нургожанова қатысушы сертификаттарын алған оқушыларға құттықтау сөздерін айтып, алдын ала берілген номерлер бойынша лоторея ойнатты. Сәтті номерлер шыққан 3 оқушыға арнайы сыйлықтар табыстады. «Жолсерік» бағдарламасы бойынша жоспарланған курстар өз мақсатына жетті.