2018 жылдың 28 ақпан күні оқу-өндірістік шебері Алимкулов Нурболат Дуненбаевичтің жетекшілігімен «Ғимараттармен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша дәріс алып жатқан 21 ПГС, 22 ПГС, 23 ПГС топ студенттері «АLina PRO» ЖШС құрылыс әрлеу материалдарын өндіретін зауытқа барып, оқу-өндірістік саяхатын өткізді.

Саяхат мақсаты: студенттерді құрылыс зауытымен  және жаңа құрылыс материалдарымен таныстыру.

Саяхаттың жоспары:

  • Техника қауіпсіздік ережелерімен танысу.
  • Құрылыс зауытен жалпы танысу.
  • Құрғақ құрылыс материалдары қалай дайындалатынын көру.
  • Химиялық қоспаларды дайындау зертханасымен танысу.
  • Зауытта орналасқан әр түрлі өнім өндіретін шеберханалармен танысу.
  • Зауыттағы жұмысшылармен әңгімелесу.

Өндірістік саяхат нәтижесі:

Студенттер өндірстік саяхатта көрген жаңа құрғақ құрылыс материалдарымен танысып, алған тәжірибиелерін болашақта құрылыс алаңында еркін  қолдана алатынын түсінді.