Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша 30.10.2018 ж. қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Оқасов Н.С. және кәсіптік бағдар беруші Маратова М.М. қаладағы №8 балалар үйінің 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларды ең алдымен акт залына кіргізіп, оқу орнымыз жайлы слайд көрсету арқылы колледжіміздің ағылшын тілі пәні оқытушысы Қызырбек К.Т. таныстырды, оқытылатын мамандықтар  жайлы жазылған  қағаздар таратылды. Оқушылар  кітапхана, жатақхана, асхана, спорт залдарымен танысты. Колледжіміздің аға мастері Павлюченко Л.А. шеберханадағы барлық цехтарға кіргізіп, мамандықтар жайлы ақпараттар берді. Оқушылар оқыту және жұмыс жасау құрал-жабдықтарымен танысты. Кейбір оқушылар цехтағы пластик жасайтын станоктармен өздері құрал- жабдықтарды ұстап, жұмыс жасап көрді.

Оқушылар колледжіміздің тыныс-тіршілігімен танысып, әртүрлі мамандықтарға деген қызығушылықтары артып дән риза болып, алғыстарын айтты. Оқушылардың ішінде колледжімізге ерекше қызығушылығы артқан Никитин В.В. өзінің Құрылыс колледжі студенті атанғысы келетінін айтты.