2018 жылдың 30 қазаны күні Шығыс Қазақстан Білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындары студенттерінің арасында  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған елге тағзым» атты кіші жоба аясында  «ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗДАРЫ» облыстық әдеби-өлкетану байқауы өтті. Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде өткен байқау 1. «Туған жерде» тарихи-өлкетану бағыты мен 2. «Кітаптағы кейіпкерлер» әдеби бағыттары бойынша жұмыс жасады.  КМҚК «Құрылыс колледжінің» 32 ПГС топ студенті Әскербек Қуаныш бірінші бағыт бойынша қатысты. Ғылыми жетекшісі тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы Оразымбетова Рашида Джумагалиевна. Байқауға қатысқан жоба тақырыбы: «Шығыс Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктері». Қуаныш өзі әзірлеген жобаны қорғап байқау қорытындысын шығарған әділқазылар алқасының шешімімен «АЛҒЫС ХАТ» иеленді. Құттықтаймыз!

Құрметті студент жастары сіздер де Елбасының «Болашақ бағдары-рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға асығыңыздар.

 

 

Мақала иесі: колледж оқытушысы Оразымбетова Р.Д.