Қазан айының 27-ші жұлдызы күні КМҚК «Құрылыс колледжінің» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жоба Серпін-2050 бағдарламасы бойынша оқитын 41 ПГС тобының студенттері топ жетекшісі Кошкимбаева С.С. жетекшілігімен ШҚО орталығы Өскемен қаласының тарихи орындарына саяхат ұйымдастырылды. Бұл бастама Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жоспарланған «Менің кіші Отаным» жобасы аясында ұйымдастырылды. Өскемен жеріне саяхаттап барған 4 курс студенттері қаланың тарихи орындарында болып, естелік суреттерге түсіп, ШҚО-ның орталығы Өскемен қаласының даму жағдайыменде танысып, расында да ШҚО – еліміздің индустрия орталығы екендігін өз көздерімен көріп, тамаша әсермен қайтты. Ұлтжандылыққа тәрбиелеумен бірге «ұлттық қорды» білудің негізі туған елге деген әрбір азаматтың махаббатынан екендігін түсініп, өз елінің патриоты болып, елді жақсы көруден тұратындығын түсінді.