2022 жылдың 29-30 қараша аралығында Қарағанды техникалық құрылыс колледжі» КММ базасында өткен Қарағанды облысының білім басқармасы 07320100 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсына Абай облысы, Семей қаласы «Құрылыс колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушылары Койшыбаев Ерлан Айткалиевич және Скакова Айгерим Ниязхановна қатысты. Нәтижесінде «Бояу және декоративтік жұмыстар» құзіреттілігі бойынша Скакова Айгерим Ниязхановна І орынды иеленіп алғыс хат және сертификатпен марапатталды.