Студенттерді жұмысқа орналастыру және өндірістік тәжірибеден өткізу бойынша кәсіпорындармен кездесу өтті. «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізу және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша колледждің маманы Рахметуллина Ақдидар Қуанышевна кәсіпорын басшыларымен кездесті.
Бұл кездесу барысында өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, студенттердің тәжірибеден өту мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру туралы сұрақтар талқыланды. Кездесу кәсіпорындар мен колледж арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайту мақсатында өтті.
Кездесудің мақсаты – колледж бен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, студенттер үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру және өндірістік тәжірибені жоғары деңгейде ұйымдастыру болып табылады.
Колледж басшылығы мен кәсіпорындар жетекшілері бірлесіп жұмыс істей отырып, болашақ мамандардың сапалы білім алуы мен жұмысқа орналасуы үшін барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететінін атап өтті.