Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары 2025 жылы сәуір айының 21-і күні Семей қаласындағы №20 жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар туралы ақпарат беріп, оларды оқуға шақырды.
Кездесу барысында оқушыларға құрылыс, геодезия және картография салаларындағы мамандықтардың маңыздылығы, олардың еңбек нарығындағы сұранысы мен болашақ мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірілді.