Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары 2025 жылы сәуір айының 22-і күні Семей қаласындағы №32 жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында болашақ талапкерлерге құрылыс, геодезия және картография салаларындағы мамандықтардың қыр-сыры, артықшылықтары мен маңыздылығы айтылып, оқуға түсу тәртібі түсіндірілді.