2025 жылғы 21-25 сәуір аралығында Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары Оразханова Б.Ғ., Касимов Р.Г., Баймункин С.Б. және тәрбиеші Садыкова А.С. Абай облысы Білім басқармасының Үржар ауданы Білім бөлімінің қарамағындағы және оған жақын орналасқан ауылдық мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Іссапар барысында келесі білім беру мекемелерінде кездесулер ұйымдастырылды:
1. «Қ. Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ
2. «Науалы орта мектебі» КММ
3. «Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ
4. «Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ
5. «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ
6. «Абай атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ
7. «Б. Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ
8. «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
9. «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ
Кездесулер барысында 9-11 сынып оқушыларына колледждің оқу бағыттары, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы, қазіргі заман сұранысына ие кәсіби бағыттар мен оларды меңгерудің артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге өз болашағын дұрыс жоспарлауға бағыт беру, колледждің артықшылықтарымен таныстыру, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын түсіндіру болды.