Жарма ауданында, соның ішінде Шар қаласы мен Қалбатау ауылында 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – оқушыларға олардың оқу бейіні және болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау процесінде кәсіптік бағдар беру арқылы қолдау көрсету болып табылады, осыған байланысты оқушыларды мамандықтармен таныстырып, құжаттарды қабылдау шарттары туралы ақпарат берілді.