«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы Н.Б. Балтабеков мамыр айында Абай облысы, Абай ауданы, Саржал және Знаменка ауылының орта білім беретін мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізіп, 9 және 11 сыныптан кейін кәсіптік және техникалық мамандықтар бойынша талапкерлерді тегін оқуға қабылдайтыны туралы ақпарат берді. Тас қалау, әрлеу, слесарь-сантехник, дәнекерлеу ісіне арналған шеберханалар озық заманауи технологиямен жабдықталған станоктармен және қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етіліп студенттерге тәжірибе жинап, кәсіби шеберліктерін шыңдауға септігін тигізіп отыр. Студенттерге бір мезгіл тегін ыстық ас беріліп, шәкіртақы төленіп, жатақхана, кітапхана, асхана, спорт зал және шеберханамен қамтылғаны туралы айтылды.