2023 жылы мамыр айының 17-19 аралығында Құрылыс колледжінің кәсіби бағдар беру маманы Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Би Боранбай атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ, «Қ. Сатбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ, «Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-нің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат айтылып, оқуға қабылдау ережесі түсіндірілді.