2024 жылы ақпан айының 29-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК қызметкерлері болашақ талапкерлерді мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау мақсатында «№10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-да ұйымдастырылған «MY PRO» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасына қатысты. Іс-шара барысында мектеп оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат айтылды. Сонымен қатар студенттердің қолөнерлері мен әртүрлі құрылғылардан тұратын жылжымалы көрме ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары көрсетілді.