2024 жылы сәуір айының 2-сі күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК мамандары Бородулиха ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Камышенка орта мектебі» КММ, «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, «Ә. Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ, «Н. Островский атындағы орта мектебі» КММ, «Абай атындағы негізгі орта мектебі» КММ оқушыларына колледжімізде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, колледжге оқуға қабылдау ережесі түсіндірілді.