Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялап, елге қажетті жұмысшы кадрларының сапалы түрде даярлануына жіті көңіл бөлінуін тапсырған болатын.
Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру, еліміздегі жұмысшы мамандарын даярлайтын оқу орындарының білім сапасын тексеру, материалдық-техникалық базасының жағдайын бағалау мақсатында 2024 жылы қыркүйек айының 26-сы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-на Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Ғарифуллейұлы Мұханбетов келді.
Әсет Ғарифуллейұлы колледждің Құзіреттілік орталығын аралап, мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаның жағдайын бағалап, студенттердің тәжірибеден өту барысын бақылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram