2023 жылдың 19 мамырында колледж кітапханасында «Колледждің жылдық оқырманы» қорытынды байқауы өтті. Оған жыл бойы кітапхана өткізген іс-шараларға белсенді қатысқан топ студенттері қатысты. Олар C-11, C-13, 11 ПГС топтарының студенттері болды.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Ең жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орынды 11 ПГС тобының студенті Алтынбек Ерсұлтан, екінші орынды – С-13 тобының студенті Куценко Арсений, үшінші орынды – С-11 тобының студенті Заманбек Жанарыс жеңіп алды.

Барлық балаларға қатысқандары үшін алғыс айтамыз!