2023 жылдың қараша айының 13 мен 18 аралығында оқу-әдістемелік процесін ұйымдастыру және жүргізу тақырыбында колледжішілік бақылау іс-шарасы жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқу-әдістемелік процесінде орын алған кемшіліктерді уақтылы анықтау және жою, тәртіпті нығайту және оқытушылардың, қызметкерлер мен оқушылардың өз қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілігін күшейту үшін колледждің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жетілдіру.
Бақылау түрі: тақырыптық, кешенді, жалпылама, ағымдағы, фронтальды. Осы іс-шараны жүргізу барысында 13 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылып, апталықтың жұмыс кестесіне сай, 5 бағыт бойынша жұмыс атқарды.