2022 жылдың қараша айында 07320100 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығында оқитын студенттер «Ғимараттар мен құрылыстардың арналуы мен пайдалану мақсаттарына сәйкес құрылымдық элементтерінің түйіндері мен бөлшектерін әзірлеу» оқыту нәтижесі бойынша курстық жобаларды қорғады. Курстық жобаны орындау барысында студенттер сыртқы қабырғаның жылу техникалық есебін, төбежабынның жылу-техникалық есебін, іргетастың тереңдік орналасу деңгейін есептеуді үйренді. Ғимараттың қабат жоспарын, қимасын, қасбетін, ғимараттың бас жоспарын,іргетас жоспарын, аражабын жоспарын, төбежабын жоспарын, архитектуралық-конструктивтік түйістерді сызу дағдыларын қалыптастырды. Жетекшілері: Қойшыбаев Е.А., Мақсұтова Б.М.