Ақпан айының 28 мен наурыз айының 3 аралығында Семей қаласының Мәдениет сарайында 7-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар әлемі – My PRO» фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беру. Фестивальге облыстан 22 колледж  және 4 жоғары оқу орны қатысты.

Іс-шараға Семей қаласының 47 мектебі, Бесқарағай, Бородулиха, Курчатов, Шемонаиха аудандарының мектептері қамтылды. Қатысқан оқушылардың жалпы саны 2280. Оқушылар алаңнан өту картасы бойынша барлық мамандықтармен таныс болды және квест пен шеберлік сыныптары арқылы өздерін әртүрлі мамандықтарда сынап көрді.

Осындай шеберлік алаңдарының бірі Құрылыс колледжінің «Құрылыс PRO» алаңы. Алаңда колледж шеберлері, Людмила Аркадьевна, Светлана Викторовна және Лидия Савельевна, сәндік сылақ бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті. Қалауын білдірген оқушылар көздерімен көргендерін қолдарымен жасап та көрді.

Оқушылар қызығушылықтарын білдіріп, алуан түрлі сұрақтар қойып, шеберлердің жасағандарын қайталап, қиялдарындағы суреттерден де сәндік сылақ жасап көріп, алғыстарын айтты.

Оқушылар мен мұғалімдердің қалдырған пікірлері бойынша фестиваль жоғары деңгейде өтті.

3 мамыр күні ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Байжанова А.О. фестивальге қатысқан оқушыларға нақты фактілерді келтіре отырып болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар берді және іс-шараны ұйымдастырушыларға, қатысқан білім мекемелеріне алғысын білдірді.