Ағымдағы жылдың наурыз айының 1-күні КМҚК «Құрылыс колледжінде» түлектердің салтанатты диплом алу кеші өтті.
Жалпы колледж топтары бойынша бітірушілер саны -74, оның 16 қызыл диплом иегерлері.
Бұл бітіру кеші басқа кештерге қарағанда өзгеше. Себебі, осыдан үш жыл бұрын құрылыс колледжіне «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары индустрияға» бағдарламасы бойынша тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп 50 талапкер колледж табалдырығын аттаған еді. Бүгінгіде 42 түлек ойы толып, бойы өсіп, колледжбен қоштасып, алғашқы түлек атанды. Колледж директоры К.К.Тастекеев мырзаның басшылығымен колледждің үздік түлектеріне қызыл дипломдар салтанатты түрде табысталды. Колледж бітірушілердің диплом алу салтанатына «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасар орынбасары З.Ф. Джамальдинова ханым мен «ТурМерСтрой» ЖШС компаниясының директоры М.Е.Тұраров мырза арнайы қонақ ретінде шақырылып, жас мамандарға ақ тілектер тілеп, бітіруші түлектерге дипломдарын табыстай келе, ел игілігіне еңбек етуге шақырды.
Кеш барысында бітіруші түлектеріміз бен олардың ата-аналары жауап ретінде колледж әкімшілігіне, топ жетекшілеріне, оқытушылары мен қызметкерлеріне шын жүректен шыққан әсерлі алғыс сөздерін жеткізді.
Колледжімізде дəстүрге айналған кеш өте қызықты да əсерлі өтті.
Кешімізде шырқарлған əн мен би осы бітіруші түлектерімізге арналды.
Әсерлі көңіл-күй сыйлап, жоғары деңгейде ұйымдастырған әлеуметтік-гуманитарлық ПБ жетекшісі Рашида Джумагалиевна мен колледждің көркемдік жетекшісі Нұргүл Елеусізовнаға алғыс білдіреміз.??? Сəт сапар, колледж бітіруші түлектер!