2018 жылдың 01 наурызында жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің апталығы барысында химия пәнінің оқытушысы Мунлыкбаева Мөлдір Болатовна С-12 тобында «Көміртек, кремний жəне олардың қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Студенттерге көміртек, кремний жəне олардың қосылыстары туралы жалпы мағлұмат бере отырып, көміртек пен кремнийдің табиғатта таралуы, атом құрылысы, физикалық жəне химиялық қасиеттері туралы білімдерін арттыру, топпен жұмыс істеу арқылы ұжымшылдыққа, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.Ашық сабақта жаңа тақырыпты меңгертуде əр түрлі əдіс-тəсілдер қолданылды: қызығушылықты ояту бөлімі арқылы «Көміртектің табиғаттағы айналымы» бейнематериал, мағынаны тану бөлімінде көміртектің адсорбциялық қасиетін тəжірибе жүзінде көрсету, химиялық қасиеттері туралы бейне тəжірибелер көрсетіліп, тақырыпқа сай химиялық диктант, есеп шығару, кластер құрастыру, реакция теңдеулерін жазу сияқты тапсырмалар орындалды. Ашық сабаққа С-12 тобы белсене қатысып, өз білім деңгейлерін көрсете білді. Пəн оқытушысы Мунлыкбаева М.Б. қойған мақсатына жете алды, өткізілген ашық сабақ жақсы бағаланды.????