2018 жылдың наурыз айының 1 жұлдызында «Алғыс айту» күні аталып өтті.
Бұл күні колледж іші мерекелік көңіл күйге толы болды. Студенттер алақандарының ыстық ықыласымен таңғы 7.30-дан колледждің дəлізінен оқытушыларымыз бен колледж ұжымын қарсы алды.
Алғыс — адамның адамға жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондықтан да бір-бірімізге жылы сөз айтудан, жақсылық жасаудан жалықпайық.
«Алғыс айту» күніне арналған ізгі тілектерімен колледж ұжымы бір-бірлерімен бөлісті.
Бұл ауқымды іс-шара педагог — психолог Балжан Балташевнаның ұйымдастырылуымен жоғары деңгейде өткізілді.