24 қазан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мен студент атандым» атты студенттікке қабылдау салтанатты іс-шарасы өтті. Биылғы оқу жылына қабылданған 1, 2 – курс студенттерін колледж директоры К.К. Тастекеев студент қатарына қабылдануымен құттықтады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.С. Кошкимбаева студенттікке қабылдау бұйрығымен таныстырды. Жаңадан қабылданған 1, 2 – курс студенттері колледж ұжымының алдында ант берді. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, жастардың би кешімен,  естелік суреттерге түсуімен аяқталды.