Студенттердің жұмыс орындарын, мамандығы бойынша жұмысын, тұрмыстық жағдайларын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, күнделіктер мен есептілікті жүргізуді тексеру мақсатында «Фирма «Азия» ЖШС ТҚБ зауыты филиалы және «Семей механикалық зауыты» ЖШС насандарына бару ұйымдастырылды. Бұл нысандарда С-33 «Бетоншы-арматуршы», С-22 «Электргазымен дәнекерлеуші», 21 ДС «Жол жұмысшысы» топтары жұмыс істейді.
Кәсіпорындар тарапынан ескертулер жоқ. С-22 тобының студенттері – Қозыбаев С. және Саматұлы Т. жақсы жұмысы үшін ақшалай сыйақымен марапатталды.