2024 жылғы 20-21 ақпанда Абай облысы ББ «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да «Болашақтың негізгі құзыреттері» тақырыбында облыстық форсайт-семинар өтуде. Семинардың мақсаты «WorldSkills Abai – 2024» өңірлік чемпионатына дайындық шеңберінде ТжКББ ұйымдарының білім беру процесіне WorldSkills халықаралық қозғалысының стандарттарын енгізу бойынша озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жоғары білікті кадрларды даярлау үшін жастарды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліммен қамтуды кеңейту болып табылады.