Колледж директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 17 наурызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ТжКБ жүйесі оқу орындары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Worldskills қозғалысының дамуы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында облыстық қашықтықтан семинарын өткізді. Семинардың мақсаты – Worldskills чемпионаттарына дайындықты ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибе алмасу, Шығыс Қазақстан облысында Worldskills қозғалысын дамыту, инженерлік-педагогикалық қызметкерлер мен студенттерді оқыту және тағылымдамадан өткізу, материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалану мәселелерін талқылау. Семинар жұмысы барысында Семей қ. Құрылыс колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, құрылыс пәндері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Нұрғожанова Арай Серікжанқызымен әзірленген «Шеберлікке қадам» (құрылыс саласының мамандары үшін) чемпионаттарына дайындық бойынша әдістемелік нұсқаулықтың тұсаукесері өтті.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша Worldskills өңірлік чемпионаттарының жеңімпаздарын Worldskills республикалық чемпонаттарына дайындау бойынша ұсынымдар әзірленді. Аталған іс-шараға 40-тан астам колледж директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.