Әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 30 қарашада «Құрылыс колледжі» КМҚК, ШҚО кәсіптік білім беру орталығы мен бірлесіп жас педагогтерге арналған «Жас оқытушылардың шеберлігін шыңдай отырып инновациялық оқытудың әдіс –тәсілдерін қолдануды үйрету» тақырыбында облыстық қашықтан семинар өткізді. Семинар жұмысы:
І. «Білім беру үдерісіне заманауи тәсілдер мен озық педагогикалық технологияларды енгізу және ақпараттық-әдіснамалық мәдениет деңгейін арттыру»;
ІІ. «Жаңа білім беру технологиялары»;
ІІІ. «Қашықтықтан білім берудің озық технологиялары» секциялары бойынша өтті.
Семинар «құрғақ» баяндамалар түрінде өткен жоқ, бұл шын мәнінде өзара тәжірибе алмасу болды. Қатысушылар көптеген қызықты, пайдалы ақпарат алды. Сондай-ақ, платформа чатында жас педагогтердің кәсіби байланысы орнатылды. Семинарға колледждерден 70-тен астам жас педагогтер қатысты. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша үздік баяндамалардың авторларына ШҚО кәсіптік білім беру орталығының 1, 2, 3 дәрежелі дипломдары, ал барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.