2024 жылдың 2-нші қыркүйегі мен 12-нші қазаны аралығында «Архитектура» мамандығы бойынша білім алатын А-31 топ студенттері «Семей-Көркем» ЖШС мекемесінен өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өту барысында студенттер жобалау мен безендіруге арналған «АutoСAD», «Compas», «PhotoShop», «СorelDraw», «3D ландшафтық дизайн» сияқты бағдарламалармен жұмыс істеуді меңгеріп, өз біліктіліктерін шыңдады. Өндірістік тәжірибе студенттерге өз мамандықтары бойынша алған теориялық білімдерін іс жүзінде бекітіп, кәсіби деңгейлерін жоғарлатуға көмектесті.